Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада пәтерден шықпаған жалдаушы 30 тәулікке қамалды

    Астанада 22 жастағы жалдаушы пәтерден уақытында шықпай, үй иесін ұрып-соққан. Сот оны 30 тәулікке қамады, қылмыстық іс қозғалды.

    Астанада пәтерден шықпаған жалдаушы 30 тәулікке қамалды

    Видеодан кадр

    Астанада 22 жастағы жалдаушы пәтерден келісілген мерзімде шықпағаны үшін үй иесімен жанжалдасып, оны ұрып-соққан. Полицияның мәліметінше, жанжал кезінде жас жігіт әйелді ұрып, былапыт сөздермен қорлаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сот оны ұсақ бұзақылық үшін 30 тәулік әкімшілік қамауға алды. Сонымен қатар полиция денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Тергеу жалғасуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →