«Қара жол емес, қатар жатқан қатер»: Павлодардағы Ефремовка – Богдановка трассасы қашан жөнделеді?
Фото: видеодан скрин
Павлодар ауданындағы Ефремовка мен Богдановка ауылдарын байланыстыратын күре жолдың апатты жағдайы жұрттың шыдамын тауысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Орталықпен қатынап, күнделікті тірлік жасап отырған тұрғындардың көлігі ойқы-шойқы жолда жүріп шашылып қалуға айналған. Жауапты мекемелер бұл мәселеге әзірге мардымды жауап қатпай отыр. Жергілікті халық «апат болғанын күтесіздер ме?» деп билікке ашына талап қоюда. Күн сайын қатынайтын қарапайым жұрт қауіпсіз жолмен жүруге хақылы екенін айтып дабыл қағуда. Ендігі кезекте Павлодар облысының әкімдігі бұл түйінді мәселеге қатысты нақты шешім айтуы тиіс.
Видео: @gelgorn.kz
