Қарағандыда 18 жастағы бойжеткен опат болды
Фото: Pixabay
Теміртау мен Қарағанды қалаларының арасындағы жолда 18 жастағы бойжеткен жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Ол Mazda автокөлігінің тізгінінде болған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 26 қазан күні сағат 06:33 шамасында №15 магистраль бойындағы «Бүркіт» дәмханасының маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жас жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі орға аударылып кеткен. Ауыр жарақат алған бойжеткен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
