Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жолдау-2026: Қуатты қалалар — күшті мемлекеттің негізі — Мемлекет басшысы • Жолдау-2026: Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа дәуірге сенімді қадам басқанын айтты • «Құрылтай депутаттарына үмітім зор»: Тоқаев ел алдындағы маңызды міндеттерді атады • «Қара жол емес, қатар жатқан қатер»: Павлодардағы Ефремовка – Богдановка трассасы қашан жөнделеді? • Бюджеттің ақшасы көкке ұшты ма? Семейдегі сапасыз балалар алаңшасы елдің ашуын тудырды  • Ертіске лас су ағып жатыр: Семейдегі экологиялық дабыл  • Жолдау-2026: Қуатты қалалар — күшті мемлекеттің негізі — Мемлекет басшысы • Жолдау-2026: Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа дәуірге сенімді қадам басқанын айтты • «Құрылтай депутаттарына үмітім зор»: Тоқаев ел алдындағы маңызды міндеттерді атады • «Қара жол емес, қатар жатқан қатер»: Павлодардағы Ефремовка – Богдановка трассасы қашан жөнделеді? • Бюджеттің ақшасы көкке ұшты ма? Семейдегі сапасыз балалар алаңшасы елдің ашуын тудырды  • Ертіске лас су ағып жатыр: Семейдегі экологиялық дабыл  •

    Елімізде бюджетті жоспарлауда жасанды интеллект қолданылмақ

    Елімізде бюджетті жоспарлауда жасанды интеллект қолданылмақ

    Келесі жылы мемлекеттік бюджетті жоспарлау аясында жасанды интеллектіні қолдану жоспарланып отыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

    Бүгін Үкімет отырысында күнделікті өмірде жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қозғалды. Осы орайда БАҚ өкілдері Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтан бюджетті әзірлеуде жасанды интеллектінің көмегіне жүгіне ме деген сауал қойды.

    «Мемлекеттік жоспарлауда жасанды интеллект қолданылмады. Бүгінгі Үкімет отырысында салалық жасанды интеллектінің дамитыны айтылды. Қаржы министрлігі бұл мәселені зерттеп, кірістер мен шығыстарды жоспарлау кезінде деректерді жүктеуді жоспарлап отырмыз, яғни белгілі бір кірістер мен шығыстарды болжау кезінде жасанды интеллектіні пайдалану», — деп жауап берді Әсет Тұрысов.

    Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік жоспарлау саласына жасанды интеллектіні енгізу 2025 жылға жоспарланған.

    «Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп енгізетін боламыз. Бюджетті жоспарлау кезінде, бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде деректерді жылдам жіберу тұрғысында қолданылады. Бұл жұмыс бүгінде қолмен жасалады немесе талдаушылар деңгейінде ғана талқыланады», — дейді ол.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →