Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр

Путин Украинамен қақтығыс жаһандық жағдайда жалғасатынын мәлімдеді

Путин Украинамен қақтығыс жаһандық жағдайда жалғасатынын мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин шұғыл мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс «жаһандық сипаттағы элементтерге» ие бола бостаған, деп хабарлайды  Qazaq.today.

Путин 19 қарашада Украина қарулы күштерінің Брянск облысындағы нысаналарға 6 ATACMS зымыранымен және 21 қарашада Курск облысына Storm Shadow жүйелерімен шабуыл жасағанын алға тартты. Айтуынша, Ресейге соққы жасау үшін ұзақ қашықтықтағы снарядтарды олар жасалған елдердің мамандарынсыз ұшыру мүмкін емес.

«Біз өзімізді қаруларын бізге қарсы қолдануға мүмкіндік берген елдердің әскери нысандарына қарсы шабуыл жасауға құқылымыз деп санаймыз. Ал агрессивті әрекеттер күшейген жағдайда біз де батыл жауап береміз», – деді РФ президенті.

Сондай-ақ ол Мәскеудің орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды одан әрі орналастыру мәселесі АҚШ пен серіктестерінің әрекетіне байланысты шешілетінін мәлімдеді.

«Орешник» сияқты жүйелермен соққы жасалатын нысаналарды таңдағанда, біз бейбіт тұрғындарға алдын ала хабарлап, сол жақта жүрген достас мемлекеттердің азаматтарынан қауіпті аймақтардан кетуді сұраймыз», – деді Владимир Путин.

Сонымен қатар, ол ең жаңа орта қашықтыққа ұшатын «Орешник» зымыранының сәтті сынақтан өткенін хабарлады. Айтуынша, қазіргі заманғы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бұл зымырандарды ұстай алмайды. Өйткені олар нысанағас екундына 2,5-3 шақырым жылдамдықпен шабуыл жасайды.

«Орешник» зымыран жүйесі НАТО елдерінің Ресейге қарсы агрессивті әрекеттеріне жауап ретінде ұрыс жағдайында сынақтан өткізілген. Путин соңғы зымырандық жүйелерді одан әрі сынау кезінде соққы жасалатын нысаналар Ресейге төнген қауіп-қатерлерге байланысты анықталатынын баса айтты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика