«Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті
«Қазгидромет» 22 қазанда Ақтөбе, Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады. Бұл жағдайлар ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Сурет: istockphoto
22 қазанда Ақтөбе, Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еліміздегі ауа сапасына қатысты жариялаған болжамында хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман және инверсия жатады.
Мұндай жағдайлар кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
