Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті Кім олай күйеуге шықпай жатыр?: Белгілі блогер жеке басына қатысты мәлімдеме жасады Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті Кім олай күйеуге шықпай жатыр?: Белгілі блогер жеке басына қатысты мәлімдеме жасады Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды

Депутат: Тілімізді таптаған Черчесовке қақпамызға кірген әр гол үшін 80 млн теңге төлеп отырмыз

Депутат: Тілімізді таптаған Черчесовке қақпамызға кірген әр гол үшін 80 млн теңге төлеп отырмыз

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Бас прокурор Берік Асылов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы Асқар Жұмағалиға футболдағы жемқорлық туралы сауал жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Депутаттың айтуныша, 2018-2023 жылдары «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы «Астана» футбол клубына 50,1 млрд теңге, «Барыс» хоккей клубына 48,8 млрд теңге, «Astana Qazaqstan Team» велосипед клубына 31,5 млрд теңге бөлген. Яғни, квазимемлекеттік сектордан 4 клубқа ғана 6 жылда 138 млрд теңге жұмсалған.

«Футболды дамысын деп қанша қаржы бөлсек те, футбол емес, жемқорлық дамып жатыр. FIFA рейтингісі бойынша 110-130-орындардан аса алмай келеміз. Ал футболдағы «келісілген ойындар» саны бойынша әлемдік рейтингіде 4-орындамыз.

Төрт ойында қақпасына 8 гол кіргізіп, ойсырай жеңілген, бір де бір жеңіске жетпеген футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері С.Черчесовке біздің Ә.Бәрменқұлов басқаратын Қазақстан футбол федерациясы 640 млн тг төлейді дейді. Осы 640 млн теңгені 8 голға бөлейік. Сонда біз пұлымызды мақтайтын, тілімізді таптайтын Черчесовке қарсыластың емес, біздің ұлттық құраманың қақпасына салғызған әр голы үшін 80 миллион теңге төлеп отырмыз», — деп кіжінді депутат.

Қазыбек Иса Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі барлық спорт федерациясы мен кәсіби спорт клубтарына ревизия жүргізу керек деп отыр.

«Кәсіби спорт, футбол – бұл негізі бизнес. Сондықтан бюджетке байланған футбол және басқа да кәсіптік клубтардың барлығын жекешелендіріп, мемлекеттен қаржыландыруды тоқтату қажет. Мемлекет қаржысы балалар мен жасөспірімдер мектептеріне, ұлттық спортқа, бұқаралық спортқа жұмсалуы керек. Осы уақытқа дейін мемлекеттен жалпы спортқа, соның ішінде футбол саласына бөлінген қаржының есебі берілуі тиіс. Өйткені, ол халық қаржысы», — деді Мәжіліс депутаты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →