Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында оқушы аяусыз соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті • Актер Мұқан Шәкір 81 жасында дүниеден өтті • Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Жамбыл облысында оқушы аяусыз соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті • Актер Мұқан Шәкір 81 жасында дүниеден өтті • Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады •

    «Бір жыл өте шығыпты»: Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы жазды

    «Бір жыл өте шығыпты»: Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы жазды

    2023 жылдың қараша айында өмірден өткен «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбековтің отбасы құран бағыштап, жылдық асын берді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Өнер иесі ас кезіндегі видеоны жариялап, марқұм әншіге қатысты әсерлі жазба жариялады.

    «Бүгін марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыздың арамыздан кеткеніне бір жыл өте шығыпты. Ағамыздың отбасы бүгін құран бағыштап, ас бермекші. Алла қабыл етсін, топырағы торқа болсын, қырқын бергенде бола алмап едім, Алла қаласа құранда боламыз», — деп жазды өнер иесі.

    Кейін Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековтің отбасына қолдау білдірді.

    «Марқұм Ақжол Ағамыздың топырағы торқа болсын. Бағышталған құран, беріліп жатқан ас қабыл болсын. Артында қалған ұрпақтары, жары Шарипа апайға Алла ұзақ ғұмыр берсін. Шарипа апай, Луиза айналайын енді тек жақсылық болсын. Жылдық асын беріп, басын көтердіңіздер. Ақжол ағамыз аруағымен желе-жебесін, ұрпағы өсе берсін», — деп жазды әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →