Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел сотқа тартылды

    Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел сотқа тартылды

    Астанада Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн теңге сұраған әйелге қатысты сот процесі өтіп жатыр

    Бұған дейін Антикор Бишімбаевтың «үкімін жеңілдету» сылтауымен 100 млн теңге жымқырды деген күдік бойынша астаналық әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

    Тергеу Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша жүргізілген.

    Іс сотқа қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – 24-бабы 3-бөлігі және 367-бабы 4-бөлігі – 28-бабы 4-бөлігі бойынша түскен.

    17 қазанда Людмила Грачеваның ісі бойынша жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы оны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Бұған дейін Қуандық Бишібаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов экс-министрдің отбасынан 100 млн теңге сұраған әйел туралы айтты. Адвокаттың айтуынша, әйелге 100 млн теңге жалған ақша берілген. Ол сол сәтте ұсталған.

     

    Ол алқабилердің атынан келіп тұрғанын, қалалық сотпен байланысы бар екенін, апелляцияға қатысты сұрақтарды шеше алатынын айтқан. Өзін осы істі шеше алатын маңызды адамдар жібергенін айтқан. Бұл ойдан шығарылған жағдай болуы да мүмкін, шын болуы да мүмкін. Оны тергеу көрсетеді, — дейді Ғазымжанов.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →