Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • Ташкентте уланған қарағандылық балалар Қазақстанға аман оралды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты: Гүлназ Бөрібаева алтын алды • «Себебін кейінірек айтамын»: Режиссер Ақан Сатаев ауруханаға түсті • Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • Ташкентте уланған қарағандылық балалар Қазақстанға аман оралды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты: Гүлназ Бөрібаева алтын алды • «Себебін кейінірек айтамын»: Режиссер Ақан Сатаев ауруханаға түсті • Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды •

    Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан алты шетелдік қаза тапты

    Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан алты шетелдік қаза тапты

    Маңғыстау облысы полиция департаментінің деректері бойынша қайғылы оқиға сағат 07:30-да болған. Бейнеу-Тәжен тасжолында Jac автокөлігі MAN маркалы жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

    «Көлікте 10 адам болған. Алтауы оқыиға орнында қаза тапқан, зардап шеккен төрт жолаушы  Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде. Қажет емді алып жатыр», — деді полиция.

    Жол апатына қатысы бар көліктер Өзбекстанда тіркелгені белгілі болды. Жәбірленушілер мен қаза тапқандар — Ресейден келе жатқан Өзбекстан азаматтары.

    Аталған дерекке қатысты соталды тергеу басталды.

    «Болған жайт туралы Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына хабарланды», — деді ведомство өкілі.

    Фото: gov.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →