Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты

«Төрт ауысыммен оқиды»: Түркістан облысында оқушылар мектеп дәлізінде сабақ оқуға мәжбүр

«Төрт ауысыммен оқиды»: Түркістан облысында оқушылар мектеп дәлізінде сабақ оқуға мәжбүр

Фото: Видеодан алынған кадр

Түркістандағы Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылындағы мектеп оқушыларға тарлық етуде. 600 орындық білім мекемесінде мыңнан астам бала үш, кейде төрт ауысымда сабақ оқуға мәжбүр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ауыл тұрғынының айтуынша, соңғы уақытта ауданның, ауылдың әкімдерінің бес-алтауы ауысты. Содан бері мектеп мәселесі шешілмей жатыр. Қазір балалар үш ауысым емес, төрт ауысыммен оқып жүр.

Ауылда алғаш рет мектеп 70 жыл бұрын бой көтерген. Оның екінші бөлігі 1982 жылы салынған. 2018 жылы алғашқы бөлігі қолданысқа жарамсыз деп танылғандытан, бүкіл шәкірт 40 жылдық білім ұясында білім алып жүр. Мұғалімдер мектептің дәлізінде сабақ өтеді. Оны өз күштерімен жабдықтаған.

“Оқушы санының көптігіне байланысты біз оқушыларды қайда апарымымызды білмей мына дәліздеріміз үлкен еді соған байланысты мына оқу кабинеттерін ашып едік. Өйткені оқушыларды далаға оқытпаймыз ғой. Қазір алты сынып дәлізде ашылған кабинетте оқиды», –  дейді мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхитжан Батырбек.

Оқушылардың акт залы мен дәлізде білім алып жүргенін жергілікті билік те біледі. Бірақ олар алты жылдан бері бюджет қаржысын күтіп отырғандарын айтады.

 «2021 жылы жобалау сметалық құжаттары сараптамадан 1 млрд 600 млн теңге болып шықты. Бірақ облысқа өткеннен кейін облыстық құрылыс басқармасы қайта өзгерту енгізді. Ол 23 жылы шықты сараптамадан. Қазіргі таңда конкурстық құны 1 млрд 965 млн теңге», – дейді Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің бас маманы Әмірхан Мамытбеков.

Биыл Шарбұлақтағы жаңа мектепті салуға 10 миллион теңге қаржы бөлінген. Бірақ құрылысы әлі басталмаған. Ал қолданысқа беру мерзімі келер жылды көрсетіп тұр. Оған дейін оқушыларға мектепте табылған жерде сабақ оқуға мәжбүр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика