Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды «Өз отбасымен бақытты көрінеді»: Тойға келмеген Тұрсынбек Қабатов қыздарымен көзге түсті Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді Көкшетау-Қостанай тасжолының сиқы халықты шаршатты Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін ұлттық мерекемен құттықтады Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды «Өз отбасымен бақытты көрінеді»: Тойға келмеген Тұрсынбек Қабатов қыздарымен көзге түсті Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді Көкшетау-Қостанай тасжолының сиқы халықты шаршатты Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

Қаржы пирамидасын басқарған әйелге халықаралық іздеу жарияланды

Қаржы пирамидасын басқарған әйелге халықаралық іздеу жарияланды

Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген Дана Анварқызы Батыршинаға халықаралық іздеу жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Дана Анварқызы Батыршина, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы. Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген. Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Атап айтқанда, «Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

«Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7-701-218-05-23 — іздеу бойынша, +7-727-279-29-56 — кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимдікке кепіл береміз», — делінген хабарламада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →