Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады Ресейде алтыннан қымбат жаңа минерал ашылды Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады Ресейде алтыннан қымбат жаңа минерал ашылды

    Жамбыл облысында бюджеттен 2,2 млрд теңгені заңсыз иемденбек болғандар анықталды

    Жамбыл облысында бюджеттен 2,2 млрд теңгені заңсыз иемденбек болғандар анықталды

    Жамбыл облысының прокуратурасы 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды талдау шеңберінде мәліметтерді бұрмалау фактісі анықталды.

    Қатысушылардың бірі өз біліктілігі туралы дұрыс емес мәліметтер берген.

    Ол бұрын орындалған объектілер туралы ақпаратты бұрмалайтын құжаттарды веб-порталдың электрондық депозитарийіне салып, нәтижесінде жұмыс тәжірибесін арттырған.

    Бұл жосықсыз қатысушыны құны 2,2 млрд теңге болатын сумен жабдықтау объектілерін салуға арналған конкурстың жеңімпазы деп тануға негіз болды.

    Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде облыс әкімдігі мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы және конкурстардың қорытындыларын жарамсыз деп тану туралы МАЭС-ке талап қою енгізді.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →