Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді •

    Ақмола облысында жұмысшыны топырақ басып қалып, көз жұмды

    Ақмола облысында жұмысшыны топырақ басып қалып, көз жұмды

    Ақмола облысында су құбырын тартып жатқан жұмысшыны топырақ басып, зардап шеккен ер адам оқиға орнында көз жұмды. Полиция аталған оқиға бойынша іс қозғады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Бұланды ауданында болған.

    Анықталғандай, су құбырын орнатып жатқан ер адамның үстіне топырақ үйіндісі құлаған. Салдарынан ер адам алған дене жарақатынан көз жұмған. Қайтыс болған жұмысшының 41 жастағы Алматы облысының тумасы екені анықталды.

    «Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша «абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспектор тексеруде», — деді ведомстводан.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →