Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді •

    Жанқош Тұраров та Әнару Құрманәлінің үстінен арыз түсірді

    Жанқош Тұраров та Әнару Құрманәлінің үстінен арыз түсірді

    Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов баспасөз конференциясында даулы сұрақтарға жауап берді. Адвокаттың айтуынша, “боксшы жаттығып, жекпе-жекке дайындалып жүр”, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Жанқоштың тарапынан ешқандай әрекет жасалмаған, яғни Әнарудың отбасына хабарласып, арызды алып тастауды өтінбеген. Жанқош арыз бойынша айтылған ақпараттарды жалған деп есептейді. Өзін тазамын деп айтты. Кешірім сұрап немесе арызын алып тастау туралы өтініш жасауға ешқандай негіз жоқ», — деді адвокат.

    Құқық қорғаушының айтуынша, егер Әнару Құрманәлінің арызында көрсетілген жайттар дәлелденбесе, онда ол көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 8 жылға дейін сотталуы мүмкін. Сондай-ақ, оның сұхбатын жазған бұқаралық ақпарат құралдарына да «жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз» деп ескерту жасады.

    Сонымен қатар, Жанқош Тұраровтың адвокаты жала жабу дерегі бойынша арызданушыны сотқа беруге ниетті екендерін мәлімдеді.

    «Заң талаптарына сәйкес қылмыстық іс аяқталғаннан кейін сотқа жүгінуге ниетіміз бар. Себебі қазіргі таңда кінә дәлелденбеген. Тергеу аяқталғанын күтеміз», — деді ол.

    Адвокат арызданушының әкесі — танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі Жанқош Тұраровпен ешқандай байланысқа шықпағанын да айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →