Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады Ресейде алтыннан қымбат жаңа минерал ашылды Семейдегі аспалы көпірде полиция көліктерді жаппай тексерді Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады Ресейде алтыннан қымбат жаңа минерал ашылды Семейдегі аспалы көпірде полиция көліктерді жаппай тексерді

    Қорғаныс министрлігі ел халқына ескерту жасады

    Қорғаныс министрлігі ел халқына ескерту жасады

    Қазақстанның 5 облысында әскери техника жүріп өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 2024 жылғы 2-13 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» оқу полигоны базасында «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.

    «Жауынгерлік дайындық іс-шаралары Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының аумағы бойынша күштер мен құралдардың қозғалысымен ұштасады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында биылғы жылдың 26 тамызынан бастап бөлімшелер аралас тәсілмен, яғни теміржол және автокөлік жолымен марш жасайды. Содан кейін тұрақты орналасу пунктеріне де солай оралады», — деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

    Көрсетілген уақыт кезеңінде еліміздің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

    Осыған байланысты ел тұрғындарынан таратылатын қауесетке көңіл аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, деп жазды министрлік.

    Фото: Қорғаныс министрлігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →