Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған Түркістанда бес қабатты үйде өрт: екі бала құтқарылды Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды Димаш Құдайберген әйелге күш көрсетуді ақтайтындарды қатты сынға алды Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған Түркістанда бес қабатты үйде өрт: екі бала құтқарылды Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды Димаш Құдайберген әйелге күш көрсетуді ақтайтындарды қатты сынға алды Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін

    Құрамында тыйым салынған бояуы бар: Елде қауіпті шай сатылып жатыр

    Құрамында тыйым салынған бояуы бар: Елде қауіпті шай сатылып жатыр

    Фото: all.biz

    Биыл жыл басында қазақстандықтар пәкістандық шайдың сапасына шағымданған еді. Кейін ол сараптамаға жіберіліп, құрамынан тыйым салынған бояуыш табылғаны белгілі болды. Алайда бұл шайлар әлі сатылып жатыр. Бұл туралы Qazaq.today басылымы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Желіде қазақстандықтардың тыйым салынса да дүкен сөрелерінде сатылып жатқан пәкістандық шайға қатысты наразылығы тарады. Шай қайнағанда табиғи емес ашық түске боялатыны, оның үстіне шай құрамында түсініксіз түйіршіктерді байқаған.

    Zakon.kz басылымының мәліметінше, бұл мәселеге қатысты сараптама наурызда басталған. Шай құрамынан тыйым салынған бояуыш табылған. Негізі 2018 жылы бұл шайларды Қазақстанға әкелуге тыйым салынған. Алайда бірнеше айдан кейін тыйым алып тасталған.

    Жақында «Al Barkat Classic Tea» және «Premium Gold Tea» шайларының құрамында қолдануға тыйым салынған тартразин Е102 жасанды бояғыш заты анықталған.

    Бұдан 3 жыл бұрын Total.kz ақпараттық агенттігі тәуелсіз зертханадағы зерттеу нәтижелері түйіршіктелген пәкістандық қара шайдың «Al-Marua Premium», «Эмир чай GOLD», «Al-Jannat GOLD», «Al-Hayat GOLD» және «Орда Пакистан» деп аталатын бірнеше маркасында Е102 жасанды бояғыш затының барын анықтаған еді.

    Тыйым салынған бояуыш туралы не белгілі?

    Тартразин — синтетикалық жолмен алынатын ең арзан бояғыштардың бірі. E102 қоспасы негізінен тамақ қоспасына қолданылады, өйткені ол тамақ өнімдерін ашық сары түске бояйды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →