Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді •

    Жұдырықпен ұрып, тіземен бетінен тепкен: Алматыда жолды бөлісе алмаған жүргізушілердің төбелесі видеоға түсіп қалды

    Жұдырықпен ұрып, тіземен бетінен тепкен: Алматыда жолды бөлісе алмаған жүргізушілердің төбелесі видеоға түсіп қалды

    Алматыда көлік жүргізушілерінің арасындағы жанжал төбелеске ұласты. Оқиғаны жәбірленуші тарап видеоға түсіріп алған.

    Желіде тараған видеодан ер адамның «Кобальт» көлігінің жүргізушісін ұрып жатқанын көруге болады. Алдымен жұдырықпен ұрған ол кейін бетінен тіземен тепкен. Жанжал жол үстінде болған. Мұны көрген өзге жүргізушілер ер адамды тоқтатты.

    Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

    «Ұрып-соғу дерегіне қатысты Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Дене жарақаттарының деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытындысы бойынша тергеу материалдары сотқа жіберіледі», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →