Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды Димаш Құдайберген әйелге күш көрсетуді ақтайтындарды қатты сынға алды Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін «Өзімнің жас кезімді есіме түсіремін»: Жазира Байырбекова келініне қандай ене екенін айтты Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды Димаш Құдайберген әйелге күш көрсетуді ақтайтындарды қатты сынға алды Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін «Өзімнің жас кезімді есіме түсіремін»: Жазира Байырбекова келініне қандай ене екенін айтты Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты

    15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

    15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

    Фото: Egemen.kz

    Желіде 15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқытуға жіберілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл жалған  ақпарат, деп хабарлайды Qazaq.today сайты stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

    Желідегі ақпаратта 15 қыркүйектен бастап елімізде маска тағу режимі енгізіліп, оқушылар қашықтықтан оқуға жіберілетіні айтылған.

    ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

    «Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде маскамен жүру режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, биылғы  жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін ғана енгізіледі», — делінген хабарламада.

    Қаулымен толығырақ ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады.

    «Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», – делінген ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →