Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды Димаш Құдайберген әйелге күш көрсетуді ақтайтындарды қатты сынға алды Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін «Өзімнің жас кезімді есіме түсіремін»: Жазира Байырбекова келініне қандай ене екенін айтты Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды Димаш Құдайберген әйелге күш көрсетуді ақтайтындарды қатты сынға алды Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін «Өзімнің жас кезімді есіме түсіремін»: Жазира Байырбекова келініне қандай ене екенін айтты Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты

    Елімізде енді балабақшаларға бағалау жүйесі енгізіледі

    Елімізде енді балабақшаларға бағалау жүйесі енгізіледі

    Енді еліміздегі балабақшаларда баланы бағалау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі  хабарлайды.

    Фото: Pixabay.com

    Бөбекжайдағы тәрбиешілер баланың мінез-құлқын, білімге деген ынтасын қағазға түртіп отырады. Бүлдіршін сол құжатпен мектеп табалдырығын аттайды.

    Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, балабақшаға барған балалар көбінесе мектепке дайындықсыз келеді. Ал бағалау енгізілсе, мектепке дайындай бастайды. Ал құжат баланың психологиялық дайындығын айшықтайды. Соның арқасында мұғалімдер алдына келген оқушы туралы ақпарат алады. Жаңа бастаманы бөбекжай тәрбиешілері де қолдады. Себебі бағалау ата-ананың баласына деген жауапкершілігін арттырып, баланы себепсіз қалу жағдайлары да азаяды дейді.

    “Балабақшада бала қоршаған орта, жол ережесі, отанды сүюді үйренеді. Қазір мына заманда тілі кеш шығатын балалар бар. Біз ондай балаларды бөлмейміз, кей бала орта топқа барып, мектепалды даярлық тобына барғанда енді-енді сөйлей бастайды. Жоспар бойынша бүгінгі өткен тақырып, ертең өтілмейді. Ол бала үлгермей қалатын жағдайлар да болады. Сондықтан ата-ана мен тәрбиеші тығыз байланыста болып, балабақшадан қалмаса баланың нәтижесі сонда жоғары болады”, – деді балабақша меңгерушісі Назгүл Саудабекова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →