Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді •

    Павлодарда елік атқандар сотталды

    Павлодарда елік атқандар сотталды

    Фото: irbistv.kz

    Сотталушылар қылмыстық әрекеттері арқылы мемлекетке 2,7 млн теңгеден астам залал келтірген. Олар аң аулауға тыйым салынған жерде атыс қаруын қолданған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Павлодарлық қос аңшы Ертіс өзенінің жайылмасында, жабайы аңдарды аулауға тыйым салынған жерде елікті жайратып тастаған. Етін алып кеткелі тұрған жерден тәртіп сақшылары қолға түсірді.

    Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша «ерекше қорғалатын табиғи аумақта алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдар атыс қаруын қолдана отырып, заңсыз аңшылық жасады» деп айыпталған екі азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.

    Белгілі болғандай, 2024 жылдың ақпан айында К. және С. алдын ала келісіп, жабайы жануарларды заңсыз аулауға шыққан. Олар Ақтоғай өңіріндегі Ертіс өзенінің жайылмасын, яғни жабайы аңдарды аулауға тыйым салынған ерекше қорғалатын табиғи аумақты таңдаған.

    «Екеуі өздерімен бірге тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы қаруын алып шыққан. Сотталушылардың бірі еліктерді серігі тұрған аумаққа қарай үркіткен. Ал мылтық ұстаған екінші азамат екі рет атып, жануарды өлтірген. 3 жасар еліктің етін алып кеткен сәтте полиция қызметкерлері оларды ұстаған. Осылайша сотталушылар қылмыстық әрекеттері арқылы мемлекетке 2,7 миллион теңгеден астам залал келтірген», — деп хабарлады өңірлік соттың баспасөз қызметінен.

    Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындады. К. бұрын абақтыда отырып шыққанын ескерген сот оны 4 жыл мерзімге, ал С.-ны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса екеуі 7 жылға аң аулау құқығынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →