Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін «Өзімнің жас кезімді есіме түсіремін»: Жазира Байырбекова келініне қандай ене екенін айтты Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты Әлемге танымал тревел блогердің Қазақстан туралы фильмі жарық көрді (ВИДЕО) Мыңдаған грант, санаулы нәтиже: Қазақстан ғылымы неге өндіріске жете алмай отыр? Диплом алып, жұмыссыз қалмау үшін: колледждер жұмыс берушілерге қажет мамандарды даярлайды Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін «Өзімнің жас кезімді есіме түсіремін»: Жазира Байырбекова келініне қандай ене екенін айтты Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты Әлемге танымал тревел блогердің Қазақстан туралы фильмі жарық көрді (ВИДЕО) Мыңдаған грант, санаулы нәтиже: Қазақстан ғылымы неге өндіріске жете алмай отыр? Диплом алып, жұмыссыз қалмау үшін: колледждер жұмыс берушілерге қажет мамандарды даярлайды

    «Әбу Ханифа – сәләф». Танымал имам елдегі уахаббистерге ескерту жасады

    «Әбу Ханифа – сәләф». Танымал имам елдегі уахаббистерге ескерту жасады

    Әлеуметтік желідегі келесі бір уағызында Қабылбек Әліпбайұлы имам қоғамдағы сәләфиттер мен уахаббиттерге қатысты қызықты дүние айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Democrat.kz-ке сілтеме жасап.

    Сәләфит болып жүрген бауырлар, ол жолды тастаңыздар! Қазіргі сәләфилер – бұрынғы уахаббистер. Сәләфиттен «Сен уахаббистсің бе?» деп сұрасаң, «Жоқ, мен сәләфитпін» дейтін болған. Ал араб әлеміндегі ғұламалар кітап жазған. Олар не дейді? «Қазіргі сәләфиттер – бұрынғы уахаббиттер» дейді. Өйткені «уахаббизм» деген жаман аты тарқап кеткен соң, олар «сәләфит» деп аттарын өзгертті» дейді. Сәләфит, уахаббит – екеуі бір. Біреуі – ақ ит, біреуі – қара ит. Екеуі де тістейтін ит. Сен ешқашан сәләфи бола алмайсың. Сәләфи болуың үшін сен осыдан 14 ғасыр бұрын дүниеге келуің керек еді, — дейді Қабылбек имам.

    Сондай-ақ ол сөзі жалаң болмас үшін пайғамбардың хадистерінен мысал келтірді.

    Дін бұзылса, кімнен сұраймыз?» деген сұраққа пайғамбар «Менің сүннетіммен жүретін жамағатпен бірге болыңдар» деді. Міне, сондықтан сен сәләф бола алмайсың. Себебі сәләф деген – 14 ғасыр бұрын өмір сүріп кеткен адамдар. Біз – мутәсалибпіз. Мутәсалиб деген – сәләфтардың жолымен жүрушілер деген сөз. Әбу Ханифа – сәләф, имам Тахауи – сәләф. Міне, біздің ата-бабаларымыз сәләфпен жүрді. Бізге жол тастап кетті, — деді одан әрі имам.

    Сөз соңында ол «сәләфит» атанып жүрген қазіргі қауға сақал, шолақ балақты және паранджалы уахаббистерге «фитнә шығармаңдар» деген ескерту жасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →