Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті •

    ШҚО-да өзіне жалған жүктілік құжатын жасаған фельдшер сотталды

    ШҚО-да өзіне жалған жүктілік құжатын жасаған фельдшер сотталды

    ШҚО -да өзіне жалған жүктілік анықтамасын жасаған кіші дәрігерге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Жалған құжатты Катонқарағай ауданының прокуратурасы анықтаған.  Аудан тұрғыны аудандық ауруханада гинекологтың фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама берген. Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланбақ болған.

    Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды.

    «Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп, Қ. 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қ.-ның жүктілігі туралы анықтаманы дайындап, пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — делінген прокуратураның хабарламасында. 

    2024 жылы 8 тамызда сот Қ.-ны тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына соттады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →