Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    Ресей Киевті ракетамен атқылап, бейбіт тұрғындарды өлтірді

    Ресей Киевті ракетамен атқылап, бейбіт тұрғындарды өлтірді

    Бұл туралы “Азаттық радиосы” “Украинская правда” басылымына сілтеме жасап ақпарат таратты. Түнде Киев қана емес Киев облысы да ракета шабуылының астында қалған. Тұрғын үй қирап, құтқарушылар үйінді арасынан 4 жасар бала мен оның әкесінің денесін алып шықты.

    Тағы үш адам ауыр жарақат алған, оның бірі – 13 жастағы қыз бала. Олар ауруханаға жеткізілді.

    Харьков облысының Золочев ауылында балалар шығармашылығы үйіне ракета түсіп, өрт шықты деп хабарлады облыстық әскери әкімшілік жетекшісі Олег Синегубов. Зардап шеккендер жоқ.

    Ресей Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысандарды ғана соққылайтынын айтқан. Ал бейбіт азаматтардың өлімі мен азаматтық инфрақұрылымның қирағаны жайлы ақпаратқа Ресей билігі түсініктеме бермейді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →