Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды •

    АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты

    АҚШ-та балықшы жаз бойы жыртқыш пикеминноу аулап, 58 миллион теңгеге жуық табыс тапты. Бағдарлама 1991 жылдан бері жұмыс істейді, сыйақы балық санына байланысты.

    АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты

    Фото: wired2fish.com

    Америка Құрама Штаттарында бір балықшы жаз бойы жыртқыш балық аулап, 58 миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Wired2Fish басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол солтүстік пикеминноу деп аталатын жыртқыш балықтың 13 062 данасын ұстаған. Әр балық үшін орта есеппен 10,18 доллардан сыйақы алған. Осылайша бір маусымдағы табысы 132 960 долларға, яғни шамамен 58 миллион теңгеге жеткен.

    АҚШ-та жыртқыш балық аулағандарға ақша төлейтін бағдарлама 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Оның мақсаты – пикеминноудың албырт пен бақтақтың шабақтарын жеуіне жол бермеу. Сондықтан балықшылар осы балықты неғұрлым көп ауласа, соғұрлым көп сыйақы алады. Бағдарламаны экологиялық қорлар мен АҚШ-тың балық шаруашылығына жауапты мекемелері қаржыландырады.

    Төленетін ақша аулаған балық санына байланысты. Ұзындығы 23 сантиметрден асатын алғашқы 25 балықтың әрқайсысы үшін 6 доллар беріледі. Кейінгі 26-дан 200-ге дейінгі балықтың әрқайсысына 8 доллардан төленеді. Ал 200-ден асқан әр балық үшін 10 доллар қарастырылған.

    Ғалымдар арнайы белгі салған балықты ұстағандарға одан да көп ақша беріледі. Балықтың сыртында белгі болса – 500 доллар, ішкі белгісі болса – 200 доллар алады.

    Бағдарлама басталғалы балықшылар 6 миллионға жуық пикеминноу аулаған. Соның нәтижесінде албырт шабақтарының жыртқыш балықтарға жем болу көрсеткіші 40 пайызға төмендеген.

    2026 жылғы балық аулау маусымы 1 мамырдан 30 қыркүйекке дейін жалғасты. Осы уақыт ішінде бағдарламаға қатысушылар 116 мыңнан астам пикеминноу аулаған.

    Бұл кәсіп кейбір балықшыларға қомақты табыс әкеліп жүр. Мысалы, 2023 жылы маусымның ең көп ақша тапқан қатысушысы 107 800 доллар алған. 2024 жылы бір балықшы 16 150 балық аулап, 164 260 доллар табыс тапқан. Ал 2025 жылғы маусымның ең жоғары табысы 159 310 доллар болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →