Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды

БҚО-да қарақшылар тобы қолға түсті

БҚО-да қарақшылар тобы қолға түсті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері кәсіпорындардың бірінің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, үш жас жігітті қолға түсірді.

«Аталмыш топ Бөрлі ауданындағы мұнай-газ кәсіпорындарының біріне тиесілі мыс кабельдерді жымқырған. Сондай-ақ акционерлік қоғамдардың бірінің аккумулятор батареяларын ұрлаған. Ұсталғандар Ақсай қаласының тұрғындары екені анықталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту шараларын жүргізу кезінде күдіктілерден ұрланған заттар жартылай тәркіленді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жымқырылған заттарды сатып алушыны анықтады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр»,  деп хабарлады ведомстводан.

Ұрлық деректері бойынша қазір 6 эпизод негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →