Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде •

    Шымкентте 34 млн теңгеден аса жалған ақша сатқандар сотталды

    Шымкентте 34 млн теңгеден аса жалған ақша сатқандар сотталды

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 5 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Олар ірі мөлшерде жалған ақша сатқан, деп хабарлайды Qazaq.today Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

    Сотталушылар ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1 және 3-тармағымен, сондай-ақ 231-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен, 392-бабының 1-бөлігімен айыпталған. Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет жалған 75 800 долларды (теңгемен есептегенде, 34 106 210 теңге) сақтаған және сатқан. Сонымен қатар біреуі Қазақстан Республикасының шекарасынан аталған шетел валютасын заңсыз өткізген.

    Сотталушылардың кінәлары өздерінің, куәгердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді. Сот қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың асырауында жас балаларының болуын, істеген іс-әрекеттеріне шынайы өкініш білдіргендерін ескерді.

    Айытпалушы Ж.-ға ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтарымен 6 жылға; А., Б., Д.-ға ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен 5 жылға; Ж.-ға ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен, 392-бабының 1-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →