Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде бірінші орынға көтерілді Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде бірінші орынға көтерілді Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО)

    Журналистерге шабуыл ұйымдастырғандар ұсталды

    Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында жазды.

    «Өткен жылдың соңынан бері журналистерге жасалған шабуылдар көбейгені белгілі.

    Мемлекет басшысы осыған орай құқық қорғау органдарына мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Соған байланысты таяуда журналистер мен блогерлерге қарсы заңсыз әрекеттер жасаған 18 адам ұсталған еді.

    Ел Президенті бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс екенін баса айтқаны белгілі. Енді тапсырыс берушілер де анықтала бастады.

    ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деп күдік келтірілген топтың іс-әрекетін әшкерелеп, жолын кесті.

    «Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді телеграмм-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді», – делінген ІІМ ақпаратында.

    Аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    «Аталған арандатушымен бірге түпкі тапсырыс берушілер де жақын арада анықталады деп сенеміз.

    Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тергеу барысын жіті назарда ұстайды»,- деп мәлімдеді министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →