Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді •

    Қазақстандық академиктер өмір бойы стипендия алатын болады

    Қазақстандық академиктер өмір бойы стипендия алатын болады
    Фото: Pixabay
    Ғылым және жоғары білім министрлігі Үкіметтің «зейнеткерлік жасқа толған ҚР Ғылым Академиясына ай сайынғы өмірлік стипендияның мөлшерін белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысын дайындады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 АЕК (221 520 теңге) мөлшерінде белгілесін және оны төлеу қағидалары бекітілсін»,- делінген құжатта.

    Өмір бойғы ай сайынғы стипендия Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ҰҒА академигіне белгіленеді.

    Уәкілетті орган:

    • стипендия төлеуді қаржылай қамтамасыз етуді;
    • стипендияның төленуін есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

    Стипендия алуға үміткер ҰҒА академигі ҰҒА-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

    • еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;
    • ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
    • Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
    • екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банк анықтамасы.

    Құжаттарды ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҰҒА оларды қарау үшін уәкілетті органға жібереді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →