Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды •

    Мәжіліс сайлауы: саяси партиялардың теледебаты өтетін күн белгіленді

    ҚР ОСК отырысында алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялар арасында өтетін сайлауалды теледебаттар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 
    сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттыұқ агенттігі.
    Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова саяси партиялардың пікірсайысын өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

    «Сайлау алдындағы жарыссөздерді өткізу тәртібі мен шарттары бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партиялардың пікірсайысын өткізу туралы тиісті шешім қабылдады. Пікірсайыс ұйымдастыру мақсатында Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігімен тиісті телеарнаны анықтау бойынша консультация жүргізілді», — деді Анастасия Щегорцова.

    Оның айтуынша, телеарнаның техникалық мүмкіндіктері мен аудиториян көлеміне назар аударылды.

    «Министрлік «Хабар» мемлекеттік жалпыұлттық телеарнасының эфирінде сайлауалды теледебаттарды өткізуді ұсынды. Телеарна бүкіл ел бойынша телехабарлардың кең ауқымында хабар таратады. Сайлау алдындағы теледебаттардың күнін 2023 жылдың 16 наурызына белгілеу ұсынылды», — деді ол.

    Еске салайық, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы биылғы 19 наурызда өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →