Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды •

    Өткен аптада азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

    14-21 ақпан аралығында елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

    Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қырыққабат (3,4 пайыз) пен пияздың (2,3 пайыз) бағасы айтарлықтай өскен. Айта кетерлігі, екі айға жуық уақыт ішінде пияз бағасы бірден 50,1 пайызға қымбаттады.

    Сонымен қатар, бір аптада күріш бағасы да 1,5 пайызға қымбаттады.

    ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

    өсімдік майы – 903 тг/л;

    макарон – 309 тг/кг;

    күріш – 376 тг/кг;

    ақ қырыққабат – 115 тг/кг

    қант – 458 тг/кг.

    Айта кетерлігі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

    «Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады», – делінген хабарламада.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →