Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты •

    «Қоспаев» қылмыстық тобын шекарадан өткізген күдікті ұсталды

    Жамбыл облысында «Қоспаев» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізді деген күдікпен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы ресми сайтында.

    Ведомствоның хабарлауынша, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қылмыстық кодекстің 249 (рейдерлік) және 262-баптары бойынша (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) күдікке ілінген ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаевқа халықаралық іздеу жариялаған болатын.

    «Қолда бар мәліметтерге сәйкес аталған тұлғалар Жамбыл облысының аумағында орналасқан мемлекеттік шекара арқылы елімізден шығып кеткен. 2022 жылғы 10 қарашасында Қордай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық істі тіркеді. 2022 жылғы 11 қарашада Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылды. Прокуратурамен жүргізілген үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген тұлғаларды, 2022 жылғы 6 тамызда Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, құрықталды», — делінген Жамбыл облысының прокуратурасының хабарламасында.

    Ведомство күдікті кінәсін толық мойындағанын, қазіргі таңда аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын және іс прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →