Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Майкл Джексонның Thriller клипіндегі қызыл күртешесі аукционға қойылады • Астанадағы өртте үш баланың қазасы: ТЖМ тергеу қорытындысын жариялады • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты •

    Бұл – қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік — Тоқаев

    Бұл – қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік — Тоқаев

    Фото: gov.kz

    Астанада 3-4 шілде күндері елордада ШЫҰ саммиті өтеді. Бұл — жоғары деңгейде өтетін аса маңызды халықаралық форумның бірі. Мемлекет басшысы журналистерді құттықтау рәсімінде Қазақстанның сыртқы саясатты туралы айта келе, еліміздің халықаралық арендағы беделіне оң ықпал ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    «Қазақстан көпжақты ынтымақтастыққа бейіл. Сондай-ақ қазіргі халықаралық құқықтың негізі ретінде БҰҰ Жарғысының сақталуын табанды түрде жақтайды. Сыртқы саясатта біз ұлттық мүддені басты орынға қоямыз. Барлық даулы мәселені тиімді мәміле негізінде шешуді қолдаймыз.

    Биыл Қазақстанда халықаралық шаралар көп өтеді. Келесі аптада Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті болады. Мұны кейінгі бірнеше жыл ішіндегі жоғары деңгейде өтетін аса маңызды халықаралық форумдардың бірі десек, артық айтқандық емес. Саммитке дүниежүзі халқының жартысына жуығы тұратын мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ ықпалды халықаралық ұйымдардың жетекшілері, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысы қатысады. Мұндай ауқымды шараның өткізілуі еліміздің жаһандық аренадағы беделінің зор екенін көрсетеді. Еліміз биыл ШЫҰ-дан басқа тағы бес халықаралық құрылымға төрағалық етіп отыр. Бұл – қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік», — деді Президент. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →