Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған •

    «Тәңір ақысы». Мүгедек көршісі үшін шұрық-тесік жолды бітеген тұрғынның ісі көпті сүйсінтті

    «Тәңір ақысы». Мүгедек көршісі үшін шұрық-тесік жолды бітеген тұрғынның ісі көпті сүйсінтті

    Фото: inbusiness.kz 

    Ақтауда мүмкіндігі шектеулі көршісінің арбамен шұрық-тесік жолмен баласын балабақшаға апарып жүргенін көрген ер адам жолды өз бетімен жөндеп берген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұған дейін әйелдің көршілері жергілікті биліктен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Видеода олар Ақтаудың 14-ықшамауданындағы 47-ғимараттан жақын маңдағы балабақшаға дейінгі шағын аумақты жөндеуді сұрайды.

    Көршілерінің айтуынша, бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Сондықтан әйелге мүгедектер арбасымен тікелей жол бойымен жүруіне тура келеді. Бұл оның да баласының да өміріне қауіп төндіреді.

    Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жолдың бұл бөлігін жөндеуге уәде берген.

    Алайда 14 ықшамаудандағы №45 үйдің тұрғыны әкімдікті күтіп отырмай, мүмкіндігі шектеулі әйел тұратын №47 үйдің жанындағы жолдағы шұңқырларды өз бетімен жөндеуге кіріскен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →