Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады •

    Өтемақы мен баспана сұраған құлсарылықтар митингке шықты

    Өтемақы мен баспана сұраған құлсарылықтар митингке шықты

    Жылыой ауданы әкімдігі ғимаратының алдына жиналған тұрғындар өтемақы төлеу, жаңа баспана беру мәселесін көтеріп, ұрандатқан. Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов әкімдік алдына жиналған тұрғындармен кездесті.

    «Жылыой ауданында 2 920 үйді су басқан. Қазір оның 2 906-сы судан тазартылды. Бүгінге дейін тасқын су кірген 2 667 тұрғын үйге техникалық зерделеу, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді. Тұрғындардан 3 мыңға жуық өтініш түсті. Су тасқынынан зардап шеккен 3 904 тұрғынға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем берілді», — деп хабарлады облыстық жедел штаб.

    Сондай-ақ 289 кәсіпкерге залалды өтеу бойынша кеңес берілген.

    «Бүгін түстен кейін арнайы мамандар әр тұрғынның үйіне барады. Олар тұрғын үйді техникалық зерделеу және бағалау қорытындысымен таныстырады», — деп мәлімдеді облыстық жедел штаб.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →