Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды •

    Оқушы сыныптасы мен мұғалімді пышақтады: әкім жарақат алған жасөспірімнің үйіне барды

    Оқушы сыныптасы мен мұғалімді пышақтады: әкім жарақат алған жасөспірімнің үйіне барды

    Фото: khassarkhabylbekov инстаграм парақшасынан

    Павлодар әкімі Хасар Қабылбеков бүгін мектептердегі қауіпсіздік мәселесі бойынша жиын өткізеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі El.kz — ке сілтеме жасап.

    Мұндай шешімді ол қаладағы мектептердің бірінде оқушының сыныптасы мен мұғалімге пышақ жарақатын келтірген соң қабылдаған.

    Бүгінгі №14 орта мектепте болған оқиғаға қала әкімі ғана емес, екі оқушының әкесі ретінде де үнсіз қала алмадым. Оқиға болған жерде болдым, мектеп басшылығымен, мұғалімдермен сөйлестім. Зардап шеккен балаға барып, оның тезірек сауығып кетуін тілеп, қандай көмек қажет екенін білдім. Павлодар мектептеріндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша үлкен жиналыс өткізбекпін, — деді әкім.

    Қала басшысының сөзінше, оқушылар өздерін қауіпсіз сезінуі үшін шұғыл түрде кешенді шаралар қабылданады.

    Біз болған оқиғаның қайталануын болдырмауға мүмкіндік беретін шаралар кешенін келісіп, жедел жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Павлодарлық ата-аналар білім беру ұйымдарының қабырғасында балаларының өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейтініне сенімді болуы тиіс, — деді ол.

    Естеріңізде болса, 12 мамырда жасөспірім мектепте сыныптасы мен мұғаліміне пышақ жарақатын келтірген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →