Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады •

    Алматыда Армения-Әзербайжан келіссөздері басталды

    Алматыда Армения-Әзербайжан келіссөздері басталды

    Фото: CІМ

    Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері екіжақты келіссөздер жүргізу үшін Алматы қаласындағы Достық үйіне келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

    Қонақтарды Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу қарсы алып, министрлер кездесу рәсіміне қатысу үшін Дөңгелек залға өтті.

    Осы залда 1991 жылы Алматы декларациясына қол қойылған болатын, ол ТМД елдерінің тәуелсіз дамуының негіздерін белгілеп, мемлекетаралық шекараларды айқындау қағидаттарын бекітті.

    М.Нұртілеу Әзербайжан мен Армения біз үшін жақын бауырлас елдер ғана емес, сонымен қатар стратегиялық серіктес екенін мәлімдеп, тараптарға жемісті жұмыс пен сенімді диалог тіледі.

    Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өз сөздерінде Қазақстан тарапына келіссөздер алаңын ұсынғаны және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыстарын білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →