Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау маңындағы бағбан Алматы апортының үш түрін өсіруде Алматыда 12-16 мамырда бірнеше аумақта газ өшіріледі Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, Түркияда демалып жатыр Алматыда пышақ ұстаған жас тобы ұсталды: алты күдікті қамауға алынды Иран әскерилері АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базаларына соққы беріп, 20 млрд доллар шығын келтірді Қызылтөбелік 13 жерлес Ақтөбеде бірге әскери қызмет өтуде Атырау маңындағы бағбан Алматы апортының үш түрін өсіруде Алматыда 12-16 мамырда бірнеше аумақта газ өшіріледі Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, Түркияда демалып жатыр Алматыда пышақ ұстаған жас тобы ұсталды: алты күдікті қамауға алынды Иран әскерилері АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базаларына соққы беріп, 20 млрд доллар шығын келтірді Қызылтөбелік 13 жерлес Ақтөбеде бірге әскери қызмет өтуде

    «Он есе артық»: Әлеуметтік желіде үнді трендінің қазақша нұсқасы тарады (ВИДЕО)

    «Он есе артық»: Әлеуметтік желіде үнді трендінің қазақша нұсқасы тарады (ВИДЕО)

    Кешью тобының «Ризамын» әніне түсірілген видеоны желі қолданушылары жылы қабылдады.

    Instagram әлеуметтік желісінде визажист-блогерлердің қазақша әнге түсірген видеолары көпшіліктің қолдауын тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

    Визажист Жанель Ибраева Кешью тобының «Ризамын» әніне түсірген видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Қазақы нұсқада түсірілген видеоны қолданушылары жылы қабылдап, ризашылығын білдірді.

    Видеоның астында қысқа ғана «Ал біз өз нұсқамызды дайындадық» деп жазылған.

    Ибраеваның оқырмандары  «үнді трендінен 10 есе артық», «міне, осы тренд болу керек», «өте керемет, мағынасы күшті», «супер» деп тамсанғандарын білдіріп жатты.

    Артынша Айдана есімді тағы бір визажист дәл осы әнге ұқсас видео түсірді.

    «Қазақша тренд» деп астына қысқа ғана жазылған бұл видеоны да желі қолданушылары өте жақсы қабылдап, тамсанып жатты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →