Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мирас пен Құралай төрт қабатты зәулім үйлерін сатылымға шығарды • Ирина Юнусметова Дохадағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды • Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті • Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті • ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы» • Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады • Мирас пен Құралай төрт қабатты зәулім үйлерін сатылымға шығарды • Ирина Юнусметова Дохадағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды • Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті • Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті • ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы» • Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады •

    Ресейдің Түмен және Қорған облыстарында төтенше жағдай жарияланды

    Ресейдің Түмен және Қорған облыстарында төтенше жағдай жарияланды

    Фото: gtrka.kurgan.ru

    Түмен, Қорған облыстарында көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Орынбор облысында да жағдай әлі күрделі. Жалпы, Ресейде 40-қа жуық өңір су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Росгидрометтің» мәліметінше, Тобыл өзенінің деңгейі 11 метрге дейін көтеріліп, 62 елді мекен мен Қорған қаласына тасқын қаупі төніп тұр. Түмендегі жағдай әзірге бақылауда болғанымен, қауіп күшейеді деген болжам айтылып отыр.

    Соңғы күндері Ресейдің 39 аймағында 10400-ден астам үйді су басты. Ең қиын жағдай Орынбор облысында.

    Естеріңізге сала кетсек, Орск қаласында жұма күні дамба құлап, 4 мыңға жуық үй судың ортасында қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →