Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа ауысты

    Фото: 24.kz
    Елімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды. Ол биыл алғаш рет бірден жеті өңірде өтеді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
    Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.

    Жаратылыстану-математикалық бағыт:

    17-21 наурыз күндері – Астана қаласында физика, математика;

    24-28 наурыз күндері – Алматы қаласында информатика, география;

    27-31 наурыз күндері – Павлодар қаласында химия, биология.

    Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

    1-5 сәуір күндері – Қостанай қаласында орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;

    7-11 сәуір күндері – Атырау қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;

    14-18 сәуір күндері – Өскемен қаласында Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері;

    20-24 сәуір күндері – Петропавл қаласында ағылшын, неміс және француз тілдері.

    Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 1668 оқушы қатысып жатыр. Жаратылыстану-математикалық — 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынауда. Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →