Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты «Қаншама ауру таптым»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актерді кешірмейтінін айтты Сәтбаевта 25 мың адам Кеншілер мен байытушылар күнін дүркіретіп атап өтті Бір ай бұрын қазып тастаған: Қарағандыдағы Ерубаев көшесінің жөндеуі неге тоқтап қалды? Тоқаев Балаеваны қабылдады Мүгедектерге арналған дәретхана қоймаға айналған: Балқаш–Бурылбайтал жолындағы жағдай жұртты ашуландырды Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты «Қаншама ауру таптым»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актерді кешірмейтінін айтты Сәтбаевта 25 мың адам Кеншілер мен байытушылар күнін дүркіретіп атап өтті Бір ай бұрын қазып тастаған: Қарағандыдағы Ерубаев көшесінің жөндеуі неге тоқтап қалды? Тоқаев Балаеваны қабылдады Мүгедектерге арналған дәретхана қоймаға айналған: Балқаш–Бурылбайтал жолындағы жағдай жұртты ашуландырды

    Мемлекет басшысы Пәкістан Президентін құттықтады

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардариді Пәкістан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдады.

    «Сіз мол өмірлік тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыздың арқасында еліңіздің одан әрі өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатыныңызға сенімдімін. Біз Пәкістанмен арадағы шынайы достық пен өзара құрметке негізделген берік серіктестікті жоғары бағалаймыз. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз деп үміттенемін», – деп жазылған жеделхатта.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардаридің бастамаларына табыс, ал Пәкістан халқына бақ-береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →