Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты •

    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

    Астанада патрульдік полиция қызметкері басынан ауыр жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті. Полицей көлікті сүйемелдеп, зардап шеккен адамды қысқа уақытта медициналық мекемеге жеткізді.

    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

    Сурет: Polisia.kz

    Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, патрульдік полиция қызметкері басынан ауыр жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектескен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Бақытжан Аманбайға Audi S4 көлігінің жүргізушісі көмек сұрап жүгінген. Жүргізуші көлікте басынан ауыр жарақат алған досы барын айтып, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге жәрдемдесуін өтінген.

    «Ер адам су құбырларын орнату жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде басына құбыр тиіп, жарақат алғаны белгілі болды», — делінген хабарламада.

    Жағдайдың шұғыл екенін түсінген полицей зардап шеккен азамат отырған көлікті сүйемелдеп, оның ауруханаға кедергісіз жетуіне жағдай жасаған. Соның арқасында жарақат алған азамат медициналық мекемеге қысқа уақытта жеткізілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →