«Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті
«Қазгидромет» 26 қазанда Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады.
Сурет: istockphoto
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 26 қазанда Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
