Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті •

    Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты

    Қарағанды облысының Шет ауданында 24 қазанда реттелмеген теміржол өткелінде жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ.

    Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты

    Сурет: newtimes.kz

    Қарағанды облысының Шет ауданында 24 қазанда реттелмеген теміржол өткелінде Shacman маркалы жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты. Әлеуметтік желілерде апат орнынан түсірілгені болжамдалатын бейнежазбалар тарады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жүк көлігінің 53 жастағы жүргізушісі теміржол арқылы өту қауіпсіздігіне көз жеткізбей, пойызбен соқтығысқан. «Алдын ала деректер бойынша, 53 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі теміржол арқылы өту қауіпсіздігіне көз жеткізбей, пойызбен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді», – делінген хабарламада.

    Құқық қорғау органдары төтенше жағдайдың барлық мән-жайын егжей-тегжейлі анықтау үшін қажетті шаралар кешенін жалғастыруда.

    Бұған дейін Жамбыл облысында жүк пойызы қой отарын қағып кеткен болатын. Полицияның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 1 166 жағдайы тіркелген. Оның 881-і үй жануарларының теміржолға шығуына байланысты болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →