Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді
Атырау облысында Республика күніне орай Мемлекеттік рәміздер алаңында ту көтеру рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов пен тұрғындар қатысты.
Сурет: stan.kz
Атырау облысында Республика күні атап өтілді. Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Мемлекеттік ту көтеріліп, гимн шырқалғаннан кейін облыс әкімі сөз сөйлеп, жұртшылықты мерекемен құттықтады.

«Республика күні — мемлекеттігіміздің тарихындағы маңызды күн. Бүгін біз өткенімізді қорытындылап, болашақтағы міндеттерімізді айқындаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетті нығайтуға бағытталған реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Елдің ертеңі үшін ортақ жауапкершілік, бірлік пен келісім — біздің алдағы дамуымыздың негізі. Баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасыға амандық, елімізге бейбітшілік тілеймін. Қазақстанымыз өркендей берсін!» — деді Болат Ақшолақов.
