Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан •

    Қарағанды облысында 15 тоннадан астам балық заңсыз ауланған

    Қарағанды облысында 15 тоннадан астам балық заңсыз ауланған, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    Облыстық прокуратура өңірдегі балық айналымының саласына талдау жасады. Ішінара тексерістердің негізінде ветеринариялық станциялардың рұқсаттары және аулаудың шығу тегі туралы анықтамалар бойынша балық тасымалдау көлемінің 15 тоннаға асып кетуі анықталды.

    Мысалы, облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы кәсіпорындардың біріне 19,4 тонна балық аулауға рұқсат берген. Алайда аумақтық ветеринария басқармасы бұл кәсіпорынға 31 тонна балыққа анықтама беру жолымен балық тасымалдау көлемін 11,6 тоннаға арттырған. Тағы бір компания 560 келі балық аулауға рұқсат алған, ал ветеринарлық анықтама 1,5 тоннаға берілген.

    Мұндай жағдайлар жануарлар әлеміне айтарлықтай зиян келтіреді. Оның ішінде балық ресурстарының азаюына ықпал етеді.

    Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →