Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды • Әлемге әйгілі жапон жазушысы Рю Мураками 74 жасында өмірден өтті • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • «Тағдырдың жазуымен»: Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) • Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды • NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? • Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды • Әлемге әйгілі жапон жазушысы Рю Мураками 74 жасында өмірден өтті • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • «Тағдырдың жазуымен»: Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) • Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды • NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? •

    «2 жылға соттау жазасы қарастырылған»: Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Әнші Төреғали Төреәлі екі жылға сотталуы мүмкін. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде белгілі әнші Төреғали Төреәлінің Көлсай көлі маңында гидті соққыға жыққаны туралы видео тараған еді. Осы жайтқа қатысты қазір Алматы облысы Кеген ауданының полициясы тексерісті жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, ҚР қылмыстық кодекстің 293 бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғалған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Мұны Алматы облысының Полиция департаменті растады.

    «Төреғали Төреәлінің үстінен ҚР ҚК 293 бабы қозғалып отыр»,-делінген хабарламада.

    Мұндай оғаш қылық жасағандардың қалай жазаланаты ҚР қылмыстық кодексінде былай деп көрсетілген:

    «Екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады»,-делінген кодексте.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →