Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Павлодар облысында балаларға тиіскен ер адам 10 күнге қамалды

    Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мектеп ауласында былапыт сөздер айтып, кәмелетке толмаған балаларға тиіскен (ҚР ӘҚБтК 434-б. 1-б.) облыс тұрғынына қатысты істі қарады, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап. 

    Сотта ер адамның 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Кенжекөл орта мектебінің ауласында айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, кәмелетке толмаған балалардың мазасын алып, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

    Сот отырысында азамат кінәсін  толық мойындады. Сонымен қатар оның кінәсі учаскелік полиция қызметкерінің баянатымен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

    Сот оны ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі  жаза тағайындады.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Бұдан бұрын ер адамның бірінші сынып оқушыларын үйіне шақырғаны белгілі болды. Бұл туралы оқушының анасы шағымданған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →