Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қар, көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

    Қар, көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
    Фото: qazaqtoday.info

    Фото: istockphoto.com

    Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклонының терең жырасы әсер етеді. Алдымен оның ықпалы батыс өңірлерде байқалып, кейін тұрақсыз ауа райы солтүстік-батыс пен елдің солтүстік аймақтарына таралады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік өңірлерде көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман байқалады.

    Елдің батысында ауа температурасы түнде −2…+5 °C-тан +1…+10 °C-қа дейін, күндіз +2…+10 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін жоғарылайды.

    Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы −3…−13 °C аралығындағы теріс мәндерде сақталады. Күндіз ауа температурасы 0…+5 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін жоғарылайды.

    Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →