Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды • «Көрген-көрмегенімді ұмытып қаламын»: Мақпал Жүнісованың қарт анасы туған күнінде сөз сөйледі • Тоқаев Ресей Жоғарғы соты төрағасын қабылдады: сот саласындағы ынтымақтастық кеңейеді • Тоқаев Қазақстан-Ресей қатынастарының айрықша сипатына назар аударды • Бірнеше қазақ боксшысы World Boxing рейтингінде бірінші орынға шықты • Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті болып тағайындалды • Ақтөбеде кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды • «Көрген-көрмегенімді ұмытып қаламын»: Мақпал Жүнісованың қарт анасы туған күнінде сөз сөйледі • Тоқаев Ресей Жоғарғы соты төрағасын қабылдады: сот саласындағы ынтымақтастық кеңейеді • Тоқаев Қазақстан-Ресей қатынастарының айрықша сипатына назар аударды • Бірнеше қазақ боксшысы World Boxing рейтингінде бірінші орынға шықты • Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті болып тағайындалды •

    Ақтөбеде кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

    Ақтөбеде кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

    Фото: Pixabay

    Ақтөбеде жанар-жағармай желісінің директоры Айболат Жисовты өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды. Күдікті – Ақтөбе тұрғыны. Қазір тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы. 

    Полиция Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.

    «Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Қылмысты ашу мақсатында Ақтөбеге ІІМ орталық аппаратының тәжірибелі жедел қызметкерлері жіберілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ІІМ бақылауында», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Еске салсақ, 16-қараша күні таңда 49 жастағы кәсіпкерді үйінде атып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →